Павлодар облысыеңбек басқармасы басшысының
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 196/1 бұйрығымен
бекітілген
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ
- 1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Еңбек қатынастары.
- 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:«Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- 3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін тұлғалар тәртібінің (іс-әрекетінің) қағидалары:
3.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
3.1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»;
3.1.2. Жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
3.1.3. Кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуге жол бермеу;
3.1.4. Мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалануға жол бермеу;
3.1.5. Берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беруге жол бермеу;
3.1.6. Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап етуге жол бермеу;
3.1.7. Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасауға жол бермеу;
3.1.8. Жеке және заңды тұлғалар шағымданғанда оларды кемітуді болдырмау;
3.1.9. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарың қаралу тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
3.1.10. Сұрау салуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарыныңорындалу сатысы туралы хабардар ету;
3.1.11. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
3.1.12. Өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн жеке немесе заңды тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдауға жол бермеу;
3.1.13. Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы белгiлi болған сәтте тiкелей басшыны немесе басшылықты ол жөнінде жазбаша түрде хабардар ету;
3.1.14. Өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;
3.1.15. Қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;
3.1.16. Іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау.
3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
3.2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алу;
3.2.2. Қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
3.2.3. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
3.2.4. Басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуға жол бермеу;
3.2.5. Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады, ал олар туындаған жағдайда оларды болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
3.2.6. Өзінің қызметтік өкілеттіліктерінжақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануға жол бермеу;
3.2.7. Шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде заңды және жекетұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуге жол бермеу;
3.2.8. Еңбек заңнамасы саласындақұзыретілікті жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк бақылаудытабыстауға жол бермеу;
3.2.9. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын ұйымдарға беруге жол бермеу;
3.2.10. Өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты немесе өздеріне тәуелдітұлғалардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жол бермеу;
3.2.11. Қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
3.3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алу;
3.3.2. Нормативтікқұқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы№ 568 қаулысымен бекітілген Құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкесрәсімделуі тиіс.
3.3.3. Нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелерімен (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастыру;
3.3.4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына жіберу;
3.3.5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаятынын және (немесе) ұлғаятынын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері қамтылуға тиіс;
3.3.6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мерзім жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек;
3.3.7. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс;
3.3.8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, олар сараптамалық кеңестің отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады;
3.3.9. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қоғамдық кеңестерге жіберу;
3.3.10. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды беру үшін белгіленетін мерзім ол Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
3.4.1. Мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органныңжұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
3.4.2. Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;
3.4.3. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедектермен тілдесу дағыларын үйрену.
3.4.4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
3.4.5. Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
3.4.6. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
3.4.7. Жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін тұрақты түрде қорғауды қамтамасыз ету.
- 4. Өзге де шектеулер мен тыйымсалулар:
4.1. Жасағаныүшінзаңнамадатәртіптік, әкімшілікнемесеқылмыстықжауаптылықкөзделгенқұқықбұзушылықтар мен терісқылықтардыжасауғажолбермеу.