Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 3-4, 2-құжат


МАЗМҰНЫ

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi – аннуитет шарты) – сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi қарым-қатынас кешенi;
7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
13) сақтанушы – қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

1. Осы Заң мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi.
2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнентұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

4-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
бақылау мен қадағалау

1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған
кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру объектiсi мен субъектiлерi

1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi зардап шеккен қызметкердiң кiнәсi болған не болмаған кезде, оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi

1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

6-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыға басқалары алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi
жауапкершiлiк

Ескерту. 7-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтанушының:
1) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;
4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөнiндегi шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) сақтандырушымен:
1-1) заңды тұлға және дара кәсiпкер мемлекеттiк тiркелген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
2-1) персоналдың санаттары мен қызметкердiң (қызметкерлердiң) кәсiптiк тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;
5)  уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;
7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;
9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;
10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға;
11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға;
12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға;
13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға;
14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe;
15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтандырушының:
1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;
2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) сақтандыру жағдайлары жөнiндегi ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге;
4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға;
6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге;
7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандырушы:
1) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) сақтанушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеудi жүргiзуге;
4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;
5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтiнiштi және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жетi жұмыс күнi iшiнде пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге;
7) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемi бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-бап. Пайда алушының құқықтары

Пайда алушының:
1) осы Заңда және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға;
3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.

11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты

1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтiнiшi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
5. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
6. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;
4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;
5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн;
7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;
8) шартқа өзгерiстер енгiзу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртiбiн;
9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;
10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.
Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шартының қолданылуы

1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.

13-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шартының тоқтатылуы

1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгiленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған кейiннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
Зардап шегушi қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсiптiк ауру белгiлi болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

15-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шартының жарамсыздығы

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.

16-бап. Сақтандыру сомасы

1. Сақтандыру сомасы қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен айқындалады, бiрақ ол жұмыс берушiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кездегi барлық қызметкерлердiң еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиiс.
2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруi мүмкiн.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары

Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиға кезiндегi мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 2-тармағында көзделген.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау
және оны қызметкердi жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң
тәртiбi

1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгiленген, персоналдың тиiстi санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтiлген сақтандыру тарифiнiң негiзiнде тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиiс.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi iшiнде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келiсiмi бойынша негiзгi шарттың қолданылу кезеңiне қосымша келiсiм жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi бөлiгiнде) арқылы сақтандыру шартына өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негiзгi шарттың аяқталуына дейiнгi қалған мерзiм негiзге алына отырып есептеледi. Сақтандыру тарифi сақтандыру шарты (негiзгi шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңiне барабар есептеледi.
2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған сақтандыру тарифтерiнiң төмендегiдей шектерi белгiленсiн:

Персоналдың санаты

Кәсiптiк тәуекел сыныбы

Ең төменгi тариф (%)

Ең жоғарғы тариф (%)

Өндiрiстiк персонал

1
2
3
4
5
6
7
8   
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

0,04
0,04
0,16
0,23
0,23
0,32
0,47
0,50
0,50
0,56
0,58
0,74
0,80
1,03
1,07
1,08
1,15
1,21
1,45
1,48
2,94
4,36

0,13
0,10
0,35
1,80
0,53
2,00
2,15
1,41
1,57
1,17
2,90
1,96
2,74
3,08
3,40
3,36
9,83
2,60
4,08
4,44
9,99
9,17

Әкiмшiлiк-басқару персоналы

Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн

0,04

0,10

Көмекшi персонал

Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн

0,47

2,15

3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданысы iшiнде персоналдың санаттары мен қызметкердiң кәсiптiк тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн қалған мерзiмге барабар қайта есептеледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту

Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушының кiнәсiнен болса, сақтандырушы жұмыс берушiнiң қызметкерлерiнiң жалпы санына қарай үстемеақы коэффициентiн қолдану арқылы осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақының мөлшерiн мынадай мөлшерлерде:
1) зардап шегушi қызметкерлер саны екiден бес процентке дейiн болғанда 1,10 мөлшерiнде;
2) зардап шегушi қызметкерлер саны алтыдан он бес процентке дейiн болғанда 1,30 мөлшерiнде;
3) зардап шегушi қызметкерлер саны он бестен және одан да көп процент болғанда 1,50 мөлшерiнде ұлғайтуға мiндеттi.
Бұл ретте, осы тармақта белгiленген шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылу кезеңiнде болған екi немесе одан да көп қызметкердiң қатысуымен сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген үстемеақы коэффициенттерi сақтандыру жағдайына ұшыраған персоналдың сол санаттары мен кәсiптiк тәуекел сыныбы бойынша сақтандыру тарифiне қолданылады.
Үстемеақы коэффициентiн қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

1. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртiбi.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi

1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
Қызметкердiң бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы болады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.
Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемiн жәбiрленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бiр мезгiлде жүргiзедi.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақ 2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз); өзгерiс енгiзлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

19-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
1) қызметкердiң кемiнде бiр жыл мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердiң денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
Қызметкерге бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi, сондай-ақ қызметкердiң қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.
«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
2. Сақтанушы аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерiн осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2012.01.01 дейiн қолданыста болады) Заңымен.

20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары

1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн - қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртiбiн көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе жәбiрленушi қызметкердiң жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, жәбiрленушi қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариаттық куәландырылған сенiмхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

Ескерту. 21-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге
асырудан босатудың негiздемесi

Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

23-бап. Аннуитет шартын жасасу

1. Жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу
дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi

1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiменресiмделедi.
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

25-бап. Дауларды шешу

Осы Заңды орындау бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес шешiледi.

26-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттiк
статистикалық есептiлiгi

Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

27-бап. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын
бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2018 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2017 жылдың сұрақтары (162)
2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй

Нормативті-құқықтық базасы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

Азаматтық бюджет

ҚР Еңбек кодексі

Орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы бұйрық

Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн бекіту туралы бұйрық

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары


Управление труда Павлодарской области