Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысы

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
№ 1103 қаулысына       
1-қосымша

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

1. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.
Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 114-бабының3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.
2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақы мөлшері мен оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткішті бөлек қолдану арқылы жүргізіледі және алынған сомалар қосылады.
3. Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.
4. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.
5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1103 қаулысына     
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 793 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 389-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1028 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 300-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, № 745-құжат).
5. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 503 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 37-38, 263-құжат).

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2018 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2017 жылдың сұрақтары (162)
2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй

Нормативті-құқықтық базасы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

Азаматтық бюджет

ҚР Еңбек кодексі

Орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы бұйрық

Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн бекіту туралы бұйрық

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары


Управление труда Павлодарской области