Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы  2017 жылғы ____ ақпандағы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді***.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

D-О-4

82282

112430


«Павлодар еңбек басқармасы» ММ (140000, Павлодар  облысы, Павлодар қ., Володарский к., 129,  анықтама үшін телефон: 8(7182) 66-02-88, факс 66-33-04, (электрондық пошта: upravlenie.truda@bk.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы - Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 2-1-3)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын  қолдану  сақталуы жөнінде уақтылы және сапалы тексерістерді жүргізу. Анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын  қолдану  мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы  қарауға. Еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен   мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге. Еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен  қабылдауға қатысуға. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға. Соттарда, құқықтық қорғау органдарында және басқа мемлекеттік мекемелерде мүдделерін қорғау. Бөлім басшысы және басқарма басшылығы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.


.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

Білімі -Жоғары білімі: техниқалық ғылымдар және технология саласында, құқық саласында; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы                                    21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Павлодар еңбек  басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын кандидат үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2018 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2017 жылдың сұрақтары (162)
2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй

Нормативті-құқықтық базасы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

Азаматтық бюджет

ҚР Еңбек кодексі

Орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы бұйрық

Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн бекіту туралы бұйрық

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары


Управление труда Павлодарской области