Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12743 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1057 бұйрығымен   
бекітілген

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білікті кадрлар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиісті сертификаты бар жұмыскерлері;
2) еңбектің ауырлығы – еңбек процесінің тірек-қозғалыс аппаратына және ағзаның оның қызметін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелеріне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа) түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
3) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
4) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
5) еңбек қауырттығы – еңбек процесінің жұмыскердің негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық аясына түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
6) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
8) жарақат қауіпсіздігі – өндірістік объектілердің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
9) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
10) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
11) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
12) зертханалар – өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
13) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
14) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
15) өндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
16) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
17) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
18) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек тұрған өндірістік бөлімшелері;
19) сертификат – тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжат;
20) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
4. Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды қамтиды.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және стандарттардың оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғадан сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;
9) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.
6. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.
7. Аттестаттаудан өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне қарай, өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген күнінен бастап белгілейді.
8. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
9. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеу бойынша зертханаларының немесе сондай зертханалары бар ұйымдармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
10. Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

2. Аттестаттауды жүргізу дайындығының тәртібі

11. Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де ұйымдардың мамандары (келісім бойынша), сондай-ақ ұйым жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.
13. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда, өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу үшін қажетті нормативтік - анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;
10) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.

3. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

14. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орындарында болатын қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттығы жатады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттығы көрсеткіштерін, өндірістегі еңбек гигиенасын айқындау Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды өндірістік факторларды өлшеу хаттамасымен ресімделеді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларға (деңгейлерге) сәйкестігіне өлшенген параметрлерінің сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
15. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
1) өндірістік жабдық;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
16. Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлерге және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.
Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.
Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
17. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен ресімделеді.
18. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа жеке қорғаныш құралдарын берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.
Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.
ЖҚҚ-ның сапасын және олармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді.
«Қамтамасыз етілді» деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.

4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау тәртібі

19. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттығының дәрежесін;
2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін;
3) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігін бағалаудан тұрады.
20. Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және жұмыскерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
21. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі болған кезде:
1) өндірістік орта факторларының нақты мәндері қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауіпсіздігі бойынша талаптар сақталмаған;
3) жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
22. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
23. Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын (бұдан әрі – Жоспар жобасы) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік объектіні аттестаттау актісімен ресімдейді.
24. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
25. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделеді.
26. Жоспар жобасына аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі

27. Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарында зиянды өндірістік факторларды зертханалық өлшеулердің, еңбек жағдайларын аспаптық және эргономикалық зерттеулердің хаттамаларын;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамаларын;
5) жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
28. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелерін ресімдеу осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
29. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
30. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде ұйымның орналасқан жеріндегі еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорындардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есебін;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерді;
3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша мәліметтерді;
4) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚҚ қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша мәліметтерді ұсынады.

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
1-қосымша

Нысан

Өлшеуді жүргізген____________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)

Зиянды өндірістік факторларды өлшеудің
20___ жылғы « ____» ___________
№ _____ ХАТТАМАСЫ

1. Ұйым: ____________________________________________________________
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________________________
3. Мекенжайы: _______________________________________________________
4. Үй-жайдың сипаттамасы:
ауданы: _____________________________________________________________
ұжымдық қорғаныш жүйесі: ____________________________________________
жабдықтың түрлері және олардың саны _________________________________
кәсіптердің, лауазымдардың атауы ____________________________________

5. Өлшеу құралдары:

Р/с

Атауы

Зауыттық нөмірі

Тексеру күні

1

2

3

4









6. Сынама және жабдықтарды іріктеу нүктелері көрсетілген үй-жай
эскизі:

Ескертпе: бір іріктеу нүктесінің ауданы 50 м2 дейін есебімен

7. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:

Эскиз бойынша нүкте №

Жұмыс орнының коды

Жұмыс орындары саны

Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі

Норма, рұқсат етілген шекті деңгей (РЕШД), рұқсат етілген шекті шоғырлану (РЕШШ)

Нақты деңгей

Шамадан асып кету

1

2

3

4

5

6

7















Өлшеуді жүргізген: _____ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ______ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
2-қосымша

Нысан

Бағалауды жүргізген ___________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)

Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың
20___ жылғы «____» ___________
№ ____ ХАТТАМАСЫ

1. Ұйым: ____________________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________________________

3. Мекенжайы: _______________________________________________________

4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Жабдық, құрылғылар мен құрал-саймандардың атауы

Техникалық құжаттамасының (паспорттың, сертификаттың және т.б.) болуы

Жұмыс орындарының саны

Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері

Сәйкестігі

Сәйкес келмеу себептері

1

2

3

4

5

6













Бағалауды жүргізді: ______ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Өлшеуді жүргізді: ______ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ____ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
3-қосымша

Нысан

Бағалауды жүргізген ___________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)

Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және
жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалаудың
20___ жылғы «____» ___________
№ _____ ХАТТАМАСЫ

1. Ұйым: ____________________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________________________

3. Мекенжайы: _______________________________________________________

4. ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Жұмыскерге берілуге тиіс жеке қорғаныш құралдарының (ЖҚҚ) тізбесі (ЖҚҚ атауы)

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген)

Ескертпе

қолданыстағы нормаларға сәйкес

нақты берілгені

МЕМСТ сертификатының болуы

1

2

3

4

5

6

7

8

















Бағалауды жүргізді: _______ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Өлшеуді жүргізді: _______ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _____ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
4-қосымша

Нысан

Бекітемін
Ұйымның басшысы
______ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20 __ жылғы «____» ________

Ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және
сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Жұмыс орнының коды

Іс-шара атауы

Орындалу мерзімі

Іс-шараны орындауға жауапты

Орындалуы туралы белгі

1

2

3

4

5

6

Өндірістің, цехтың, учаскенің атауы









Аттестаттау комиссиясының төрағасы _____ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері_____ _______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
5-қосымша

Нысан

Бекітемін
Мамандандырылған ұйымның басшысы
________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы « _____» __________

Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі
есебі

Мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________________
Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________
Аттестаттау жүргізілген ұйымның атауы _______________________________
Аттестаттау жүргізілген ұйымның мекенжайы ___________________________

Жалпы мәліметтер

Аттестаттау жүргізілген күн

Экономикалық қызмет түрі

Аттестатталған жұмыс орындарының саны

Барлығы

Олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері

Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді

Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша

Берілу нормаларына сәйкес ЖҚҚ қамтамасыз етілуі бойынша

Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша

1

2

3

4

5

6

7















Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ______ ___________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
6-қосымша

Нысан

Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы « _____» __________

Кәсіпорындардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есебі

Кәсіпорынның атауы __________________________________________________
Кәсіпорынның мекенжайы ______________________________________________
Мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________________

Жалпы мәліметтер

Аттестаттау жүргізілген күн

Экономикалық қызмет түрі

Аттестатталған жұмыс орындарының саны

Барлығы

Олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері

Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді

Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша

Берілу нормасына сәйкес ЖҚҚ қамтамасыз етілуі бойынша

Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша

1

2

3

4

5

6

7















Ұйым әкімшілігінің өкілі _________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) өкілі ____ _____
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
7-қосымша

Нысан

Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы « _____» __________

Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына
сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер

Цех,
учаске

Кәсіп атауы

Жұмыс орындарының саны

Кәсіптің коды

* Рұқсат етілген нормалар шегінен асатын өндірістік факторлар

РЕШД, РЕШШ, норма

Нақты мағынасы









Химиялық





Биологиялық





ПФД аэрозольдар





Шу





Инфрадыбыс





Контактілі ультрадыбыс





Ауа ультрадыбысы





Жалпы вибрация





Жергілікті вибрация





Жарықталғандық





Микроклимат





Иондамайтын сәулелену





Иондайтын сәулелену





Электростатистикалық өрістер





Тұрақты магнит өрісі





Өндірістік жиіліктің электр өрісі (50 Гц)





Өндірістік жиіліктің магнит өрісі (50 Гц)





ЭМС, құрылатын ВДТ и ПЭВМ





Радиожиілік диапозонындағы ЭМС





Лазерлік сәулелену





Ультракүлгін сәулелену





* - РЕШД (рұқсат етілген шекті деңгей), РЕШШ (рұқсат етілген шекті шоғырлану) нормаларынан асатын факторлар бойынша толтырылады

Ұйым әкімшілігінің өкілі _____________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) өкілі ____ _____
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
8-қосымша

Нысан

Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы « _____» __________

Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс
орындары бойынша мәліметтер

Цех,
учаске

Кәсіп атауы

Жұмыс орындарының саны

Кәсіп коды

Жарақат қауіпсіздігін бағалау

сәйкес келмейді

сәйкес келмеу себебі

1

2

3

4

5

6





































Ұйым әкімшілігінің өкілі _________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) өкілі ____ _____
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өндірістік объектілерді еңбек   
жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау қағидаларына      
9-қосымша

Нысан

Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы « _____» __________

Арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш
құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілмеген
жұмыс орындары бойынша мәліметтер

Цех,
участке

Кәсіп атауы

Жұмыс орындарының саны

Кәсіп коды

ЖҚҚ қамтамасыз етілуді бағалау

қамтамасыз етілмеген

қамтамасыз етілмеу себебі

1

2

3

4

5

6

























Ұйым әкімшілігінің өкілі ________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) өкілі ___ ______
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2017 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй


Управление труда Павлодарской области