Қапанов Асқар Қапанұлы - Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы.
А. Қапанов 1979 жылы 16 мамырда туған, 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша заңгер деген біліктілік берілді.
Еңбек жолын 2000 жылы «Аэропорт –Павлодар» АҚ зангері болып бастады. 2001-2003 жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы-жетекші маманы. 2003-2004жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Екібастұз аумағы бойынша және Павлодар қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімінің бас маманы. 2004-2008 жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы. 2008 жылдың қырқүйек айынан - 2008 жылдың қазан айына дейін – Павлодар облысы бойынша Бақылау және халақты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы. 2008-2013 жж.- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы. 2013-2015 жж. – «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы–Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы. 2015-2017 жж. – «Спецконсалтинг» ЖШС директоры. 2017 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың қазан айына дейін - Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ еңбек қауіпсіздігің және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы - Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы. 2017 жылғы қазаннан осы уақытта - Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басқарма басшысы - Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып тағайындалды.