Құжаттқа сілтеме>>>

Облыс әкімі аппараты басшысының

2014 жылғы  «1» шілдедегі

№ 11-05/63 бұйрығына

қосымша

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың автоматтандыруға жататын функцияларының бірыңғай тізбесі

  1. Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметін лицензиялауды және лицензиялық  бақылауды жүзеге асыру.
  3. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу» қызметінің түріне лицензия беру.
  4. Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру.
  5. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға тіркеу жүргізу.
  6. Облыс деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу.
  7. Қазақстан Республикасының    мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары күтімі және жөндеу, қайта жаңарту, құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  8. Жолаушылар мен жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобилді тасымалдау  бағыттарының тізілімін жүргізу.
  9. Тұрақты  қалааралық облысішілік, ауданаралық жолаушылар мен жүкті (қалааралық облысішілік) автомобиль көлігімен тасымалдауды және ауданаралық (қалааралық) жолаушылар темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, олардың қызмет көрсетуге құқығына конкурстар жүргізу.
  10. Коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру.
  11. Ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру бойынша деректер қорын жүргізуді ұйымдастыру.
  12. «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыруды және жүргізуді қамтамасыз ету.
  13. Аудандардың,  облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарын үйлестіру.
  14. Балалар мен жас өспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
  15. Облыс кітапханаларының, мұражайларының,  театраллық, музыкалық ұйымдардың, кино мекемелерінің, балалар және жастар, өздігі мен қалыптасқан ұжымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  16. Облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту.
  17. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау бойынша жұмыстар жүргізу.
  18. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтады, есепке алуды, қорғауды қамтамасыз ету және тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу.
  19. Тиісті аумақтарды эконмикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларында жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау және ғылыми-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде іс-шараларды жоспарлау.
  20. Мемлекет меншігіндегі, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беру туралы мәселені шешу.
  21. Коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру.
  22. Облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
  23. Театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
  24. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  25. Жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
  26. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринарлық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.
  27. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша алдын алу жөнінде ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
  28. Қазақстан Республикасының заңнамасын бекітілген тәртіпте қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға еңбектік және тұрмыстық құрылыс, басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау.
  29. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныспен ұсынысты талдау, және болжау. Халықты және Қазақстан Республикасы Үкіметін жұмыс нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
  30. Арнайы қоймаларын (көму орындарын)  күтіпұстау және қолдауды ұйымдастыру.
  31. Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау және қалыптастандыру, гигиеналық оқытуды ұйымдастыру.
  32. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне бақылау және мониторингін ұйымдастыру және жүргізу.
  33. Балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету.
  34. Дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету.
  35. Коммуналдық меншіктегі ведомстволық құжаттардың сақталуына,  iс жүргiзудiң жай-күйiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық және бақылау.
  36. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру.
  37. Статистикалық әдіснамасы талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асыру.
  38. Мемлекеттік сатыпалу есептерінің жинақ деректерін қалыптастыру.
  39. Облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру.
  40. Өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзу.
  41. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызыбар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
  42. Облыстың коммуналдық меншігіне жататын жолдарды және жол кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асыру.
  43. Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елдімекендер көшелерін басқару.
  44. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық  ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен қолдану.
  45. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
  46. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарларға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды іске асыру.
  47. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының ұсталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
  48. Жұмыс берушілермен ұсынылған ұжымдық келісім-шарттың мониторингін жүзеге асыру.
  49. Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте өндірістегі жазатайым жағдайларға тергеулер жүргізу.
  50. Жұмыс берушінің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басқарушы жұмысшылардан және тұлғалардың біліміне тексеру жүргізу.
  51. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысшылардың, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің өтініштерін қарастыру.
  52. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша тиісті ақпараттарды ұсыну.
  53. Ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiру.
  54. Азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен және дәрі дәрмекпен, тегін медициналық көмекпен кепілдемелік көлем шеңберінде медициналық белгіленген заттармен қамтамасы зету.
  55. Бюджеттік мониторингі.
  56. Мекеме тапсырыс беруші болып келетін объектілерде құрылыс тәртібін ұстануға, жүргізу барысына, атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдауға бақылауды және бюджеттік қаражаттың игерілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  57. Сатыпалу-сату шарттарының сақталуына бақылауды және жекешелендіру объектілерін сатыпалу-сату шарттарын әзірлеуді және жасауды жүзеге асыру.
  58. Соғысқа қатысушылармен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңiлдiктер жөнiнде, қосымша шаралар белгiлеу.
  59. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру.
  60. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға қатысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
  61. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмысшылармен жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл.
  62. Бекітілген тәртіпте, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын қарастыру.
  63. Мемлекеттік тапсырыс аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік газет-журналдық, аудио-визуалдық өнімнің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру.
  64. Тұрғындарды қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы туралы хабардар ету.
  65. Жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісім-шарттың орындалуын және әрекетін тоқтатуды қамтамасыз ету.
  66. Пайдалы қазбаларды барлаудың, табудың, біріктіре барлаумен табуды жүргізу үшін контрактілік құжаттардың жобаларына экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу не оларға қосымша,  барлау және (немесе) табуға байланысты емес, жер асты құрылысының құрылысын пайдалану және (немесе)  құрылысы,  сондай-ақ қатты және көпшілікке таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша техникалық -  экономикалық негіздемесі.
  67. Тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
  68. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу.
  69. Барлауға арналған келісім шарттарды қорытындылауды, тіркеуді және орындауды, табуға және қатар барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды табуды жүзеге асыру.
  70. Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
  71. Жануарлар әлемін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру.
  72. 2010-2014 жылдарға арналған  индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың іске асырылуына талдау жүргізу.
  73. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде аяқтаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
  74. Өндірістік травматизм, кәсіби сырқаттардың, кәсіби улану себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  75. Еңбек шарттары бойынша өндірістік объектілердің аттестатталуына мониторингті жүзеге асыру.
  76. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ақпараттық жүйенің негізінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау мониторингінің кезеңдік есебін, сондай-ақ нәтижесін ұсыну.
  77. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын-үймен қамтамасыз ету.
  78. Облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету.
  79. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен, ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі препараттарды  тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру.
  80. Спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты спортшы-нұсқаушы, біліктіліг жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру.
  81. Өз құзыретінің шеңберінде шаруашылық қызметінің объектілеріне мемлекеттік  экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу.
  82. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар беру.
  83. Қажет болған жағдайларда, мүдделі мемлекеттік органдармен  келісімдеу бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерге байланысты, тариғи және мәдени ескерткіштерді  және қоршаған ортаны қорғау объектілерін қорғауды және пайдалануды жүзеге асыру.
  84. Өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.
  85. Мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындау.
  86. Мамандандырылған және арнайы жалпы білім беру оқыту бағдарламаларын іске асыратын беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.
  87. Ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің келісімімен     «қауіпті» скрининг нәтижесінде анықталған балалар тобын психологиялық-медициналық-педагогтық кеңеске жолдауды қамтамасыз ету.
  88. Бекітілген тәртіпте жетім балаларды, және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды міндетті жұмыспен қамтуды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету.
  89. Міндеттермен төлемдер бойынша қаржыландырудың барлық жеке жоспарларының жалпы сомасының, айлар бойынша төлемдер бойынша түсімдермен қаржыландырудың жинақ жоспарының, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік классификатордың әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша міндеттер бойынша жинақ жоспарының сомасына сәйкестігіне тексеру жүргізу.
  90. Өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттарымен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  91. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау.
  92. Жеке және заңды тұлғалардың Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына қатысты өтініштерін қарастыру.
  93. Облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) есепкеалу, қорғау, консервация және реставрация, сондай-ақ тарихи ескерткіштерді материалдық және рухани мәдениетті пайдалану, сондай-ақ елдің атақты мәдени қайраткерлерін мәңгі еске алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  94. Жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының клиникалық базасын ұсыну.

95. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды

мониторингілеу.

96. Еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, бұқаральқ ақпарат құралдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара ic-қимыл жасау.

97. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттардың icкe асырылуына мониторинг жүргізу, әлеуметтік және құқықтық кепілдерді қамтамасыз ету, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өміp cүpyiн жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды сақтау.

98. Өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы өңірлік есептерді дайындау.

99. Кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфарқұрылымдарды, соның ішінде балалар құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге

асыратын ұйымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың қызметін мониторингілеу.

100. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртінте еңбек және тұрмыстьқ жағынан орналастыру, өзге де көмек көрсету шараларын қабылдау.

101. Жастар қоғамдьқ бірлестіктері мен студенттер ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізу.

102. Облыстьқ бұқаралық ақпарат құралдарында жастарды азаматтьқ-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі ақпараттьқ-насихаттау жұмысын жүзеге

асыру барысын үйлестіру.

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2018 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2017 жылдың сұрақтары (162)
2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй

Нормативті-құқықтық базасы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы

Азаматтық бюджет

ҚР Еңбек кодексі

Орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы бұйрық

Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн бекіту туралы бұйрық

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары


Управление труда Павлодарской области