Бұрын «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ (бұдан әрі–Басқарма) түскен өтініштер бойынша «Нұр-Pavlodar» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жұмыс беруші заңда белгіленген мерзімде жұмысшыларға жалақысын және еңбек шарты тоқтатылған кезде тиесілі сомаларын төлемегені анықталды.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес, жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама берілді және 80 АЕК көлемінде (181520 теңге) әкімшілік жаза салынды.
Алайда, бұзушылыққа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» (бұдан әрі - ҚРӘҚБК) 462 бабының 3 бөлімінде Басқармамен орындауға берілген міндетті нұсқама заңмен белгіленген мерзімде орындалған жоқ, осыған байланысты ҚРӘҚБК 684-бабының 1бөліміне сәйкес материалдар Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.