«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ-нің ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жолдау жаңа енгізулер мен өзгерістерді талап ететін әртүрлі салаларды қамтиды: еңбек өнімдігі мен білім сапасын көтеру, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс әдістерін жақсарту және тағы басқалары, басқарма басшы Асқар Қапанов атап өтті.