2017 жылы ішінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен азаматтардың 1411 өтініштері мен хаттары қарастырылды, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 145, еңбек қатынастары бойынша – 1262, ондағы қойылған сұрақтардың көп бөлігі еңбекақының уақытылы төленбеуіне келеді және халықты жұмыспен қамту бойынша – 4.
Облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша әр түрлі меншікті нысанының 339 тексерісі жүргізілді, оның 17 – іріктеу және 322 жоспардан тыс (жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулері бойынша).
Жүргізілген тексерістер барысында 210 ұйғарымдар берілді, 489 бұзушылық анықталды, соның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 289 (59%), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 194 (40%) және халықты жұмыспен қамту бойынша – 6 (1%).
Жұмыс берушілерге берілген ұйғарымдар бойынша еңбек заңнамасының 474 бұзушылықтар жойылды, яғни анықталған жалпы саның 96,9%.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жіберген бұзушылықтары үшін 27 әкімшілік ескерту және жалпы соммасы 22,1 млн. теңге 149 әкімшілік айыппұл салынды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірісте 158 жазатайым оқиғалар жіберілді, онда 182 адам зардап шеккен, оның ішінде 105 – ауыр және 8 - өлім нәтижесімен. Республиканың өзге өңірлермен салыстырғанда біздің облыс өндірісте зардап шеккендер саны бойынша Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін үшінші орын алады, сондай-ақ өлім нәтижесімен жазатайым оқиғалар – соңғыдан бұрынғы орын.
Экономика салалар бөлінісінде есепті кезеңде ең көп зардап шеккендер саны тау-кең-металлургия өнеркәсібіне, бюджеттік ұйымдарға, темір жол көлігі кәсіпорындарға келеді.
«Өндірістік жарақаттану деңгейі» (жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті 1000 адамға) түйінді нысаналы индикаторға қол жеткізу бойынша жасалған меморандумға сәйкес орындалды, нысаналы индикатордың нақты мәліметтері жоспарлы мағыналардан (жоспар – 0,53, факті – 0,53) аспайды.
2017 жылы ішінде мемлекеттік еңбек инспекторларының күш-жігерінің арқасында 146 облыс кәсіпорындарының жалпы сомасы 339,6 млн. теңгеге 2202 қызметкерлеріне жалақы бойынша берешек жойылды және еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Осы кәсіпорындардың басшыларына міндетті орындау үшін 82 ұйғарым берілді және 14,6 млн. теңге соммасындағы 82 айыппұл салынды.
Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдардың еңбек ұжымдарының арасында ҚР еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында ұжымдық шарттарын жасау тәртіпте 3200 адам қамтылып 127 оқыту семинар-кеңестер өткізілді, радио, теледидар, аудандық, қалалық және облыстық БАҚ 27 сөз сөйлеу мен жарияланымдар ұйымдастырылды.
2017 жылда сенім сертификаттарын 10 кәсіпорындар алды, олар мыналар: «Крендель» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Строймеханизация» ЖШС, «RWS Concrete» ЖШС, «Век-ПВ» ЖШС, «Крупозавод Жарма» ЖШС, «Қазахстан электролизді зауыты» АҚ, «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС, «KBI Energy» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ. Осы бағыт бойынша Павлодар облысы республика бойынша соңғы жылдар бойынан бастап көшбасшы қатарында.