6 желтоқсанда Астана қаласында Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі - «Парыз» және «Алтын сапа» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме –байқауының жүлделері табысталды.
Сондықтан, ерекше мәртебемен «Парыз: табыстың 10 жылы» деп аталды. Байқау - халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғамға өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыруға және көбейтуге бағытталған.
Жеңімпаздарға төрт номинация бойынша лауреат атақтары беріледі: «Үздік әлеуметтік - жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін». Жеңімпаздарды екі категория бойынша анықтайды: шағын және орта кәсіпкерлік субъекті мен ірі кәсіпкерлік субъект.
Байқаудың лауреаттары атағын беру жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен ең жоғарғы марапат - Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приі «Еуразиялық топ» ЖШС-не берілді. Кәсіпорын корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларын іске асыруда үлгі болды. Жеңімпаздарға марапатты Елбасы Н.Ә.Назарбаев табыстады.
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер арасында «Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжі» БМ абсолют марапатқа лайық деп танылды, алтын номинациясы ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Шарбақты ауданының «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Пахарь» ШҚ ЖШС (Железин ауданы) жеңімпаз болып танылды.
Айта кету керек, «Парыз» байқауына еліміздің барлық өңірлерінен (2008-2017 жж.) 4500-ден астам кәсіпорын қатысты. 2017 жылы байқауға қатысу үшін еліміздің 400 үміткерлері өтінім білдірді, соның ішінде біздің облысымыздан 54 кәсіпорындар қатысты.