2017 жылдың қыркүйегінде «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ 2017 жылғы шілде айының жалақы төлемеу мәселелері бойынша, «Алем-Базис НС» ЖШС қызметкерлерінен ұжымдық жүгіну түсті.
Басқармамен «Алем-Базис НС» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді, нәтижесі бойынша жұмыс берушімен 2017 жылғы шілде айының жалақысы төленбегені анықталды.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек Кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.