Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Салалық
бағдарламаны іске асыру жөніндегі
Павлодар облысы еңбек басқармасының өткізетін жұмысытуралы
ақпарат
2015 жылы 14 сәуір № 234 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру мақсатында Павлодар облысы еңбек басқармасымен көлеңкелі экономикаға қарсы әсері және 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шараларының Жоспарын бекіту туралы.
Еңбек басқармасының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерімен жемқорлық бұзушылықтарын ескерту мақсатында, мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық Кодексі және жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін сақтау мен түсіндіру жөнінде оқыту семинарлары өткізіледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Павлодар облысы бойынша (А.А.Балғожин) депатраментінің жемқорлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызмет басқармасының басшылары мен мамандарын шақырумен, сондай-ақ Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілердіқайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен өткізілетін, ҚР мемлекеттік сатып алуларды құқықтық қамтамасыз ету қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар жүргізіледі.
Бірінші жартыжылдықтақайта даярлау және біліктілігін арттырукурстарынамемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсысауаттылығын арттыру бойыншаоқу бағдарламасындасеминарлар қарастырылған – 2 адам,соның ішінде біліктілігін арттыру курсында - 1 адам,қайта даярлау курсында –1 адам жолданды.Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен мүлік және кіріс туралы декларациялар мен мәліметтер уақытылы ұсынылды.
Басқармада арыздар мен шағымдар үшін жәшік бар, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын басқарманың мемлекеттік қызметшілердің бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін «сенім телефоны» (66-02-88) жұмыс істейді.
Құқықтық сезімнің,құқықтық хабардарлығыныңжәне жұмыскерлердің кәсіби денгейін арттырутабысты даму мақсатында, сондай-ақбекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласында қатынастарды реттейтін, нормативті-құқытық актілерді түсіндіру жөнінде басқарманың қызметкерлер арасындаапта сайынғы негізде сыбайласжемқорлыққа қарсы заңнама бойынша (жемқорлық фактілерін алдын алу және ескерту жөнінде) оқыту ұйымдастырылды,
Тұрақты негізде, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын сақтауға қатысты құқықтық мәселелер жөнінде басқарманың қызметкерлеріне кеңестер беріледі.
«Павлодар облысы еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес, басқарма басшысының өкілеттігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және сол үшін жеке жауапкершілікті алу мәселесікіреді.
Басқармада тоқсан сайын басқарманың басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылады, соған сәйкес басқарма басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысы жүргізіледі.
Бұдан басқа мемлекеттік еңбек инспекторлары «Нұр Отан» ХДП азаматтарды қоғамдық қабылдауында қабылдауға қатысады, сондай-ақ «Кәсіпкерлер палатасы» ҚБ облыстың ірі кәсіпорындарының жұмыс берушілерімен еңбек заңнамасын түсіндіру жөнінде дөнгелек үстелдер жүргізіледі.
Басқармада ішківедомстволық сайт әрекет етеді, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімі жұмыс істейді, басқарманың қызметін іске асыру кезіндегітолығымен жоғарыда көрсетілген шаралар Жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпарат орналасқан.
Басқарма басшысының м.а. А. Қапанов