|
Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы «11» шілдедегі № 238/7 қаулысымен бекітілді |
|
|
«Павлодар облысының еңбек басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
- 1. Жалпы ержелер
1. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі Пав-лодар облысының аумағында ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемле-кеттік органы болып табылады.
2. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ве-домстволары жоқ.
3. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қа-зақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де норма-тивтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық ор-гандарында шоттары болады.
5. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі аза-маттық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құ-зыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар об-лысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтары-мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да акті-лермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы, штат санының лимиті, еңбекақы төлеу қоры қолданыстағы заңна-маға сәйкес бекітіледі.
9. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павло-дар қаласы, Ленин көшесі, 59-үй.
«Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұ-мыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекет-тік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление труда Павлодар-ской области».
11. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі атынан «Павлодар облысы-ның еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табы-лады.
Осы Ереже «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік ме-кемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемле-кеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғы-сында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы беріл-се, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- 2. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірдің аумағында еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асы-руға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
16. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде еңбек қатынастары са-ласында өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.
17. Міндеттері:
1) ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағым-дарын қарау.
18. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, соның ішінде еңбек қа-уіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;
3) анықталған еңбек заңнамасы бұзушылықтарды жою жөніндегі шара-ларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс беруші-лерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізу;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жай-ларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысу;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинау, талдау және қорыту, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнін-дегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу;
8) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мә-селелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
11) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
12) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарды мониторингілеу (есептік тіркеу);
13) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
14) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды мониторингілеу;
15) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемле-кеттiк бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес тексерулер жоспарла-рын әзiрлеу және бекiту;
16) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кезеңдік есептерді, еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты, сондай-ақ еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғаудың жай-күйін мониторингілеудің нәтижелерін ұсыну;
17) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
18) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру;
19) еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша Павлодар облысы әкімдігінің отырыстарына құжаттарды дайындауға қатысу;
20) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыру;
21) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
22) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
23) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
24) еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелер бойынша мемлекет-тік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құрал-дарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл ажсау;
25) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және Павлодар облысының әкімдігінің басшылығымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
19. Құқықтары мен міндеттері:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру және мемлекеттік бақылау-дың өзге де нысандарын жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болу;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұрату және алу;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыру, әкімшілік жазалар қолдану;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұ-мыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы ең-бек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере оты-рып, тоқтата тұру (тыйым салу);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салу;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материал-дар мен заттарды талдау жасау үшін алу;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберу;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;
12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін ай-рықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асы-ру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқық-тар мен және міндеттерді жүзеге асыру.
- 3. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекеме-сіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фукнцияларын жүзеге асыруға дербес жауа болатын басшы – Павлодар облысы бойынша бас мемле-кеттік еңбек инспекторы жүзеге асырады.
21. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі бас-шысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қыз-метке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
23. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі бас-шысының өкілеттіктері:
1) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарының өкілеттіктерін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысы-ның еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі қыз-меткерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Пав-лодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді және оларды тәртіптік жазаға тар-туды жүзеге асырады;
6) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті өзінің құзыретіне жататын мәселе-лер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауа-зымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Пав-лодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін бар-лық мемелекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйым-дарда білдіреді;
9) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
10) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
11) «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
«Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас-шысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қол-даныстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы-ның қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Рес-публикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.
4. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
27. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қа-зақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
28. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бе-кітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының еңбек бас-қармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
- 5. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
30. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесін қай-та ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. «Павлодар облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесін та-рату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.