Жүргізілген тексеру туралы

2018 жылдың тамызында «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Ивенс-Казахстан» ЖШС-нің жұмыскерінен жалақы төлемеу және  жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен  «Ивенс-Казахстан» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көзделген мерзімде жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермегендігі анықталды. 

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.