Комиссияға арналған сұрақтар

1 Сұрақ: Сізді Екібастұз, Ақсу қалалары және аудандар бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымы конкурсына қатысу үшін не себеп болды? (уәждемелік сұрақ)

2 Сұрақ: Арнайы тергеуге қаңдай жағдайлар жатады?

Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.

3 Сұрақ: Мемлекеттік қызметі туралы заңнамаға сәйкес «Мүдделер қақтығысы» дегеніміз не

Мемлекеттік қызметі туралы заңнамаға сәйкес «Мүдделер қақтығысы» дегеніміз не

Жауабы: ҚРЗ «Мемлекеттік қызметі туралы» 1 бабы, 17) тармақшасы мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.

4 Сұрақ: Мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік қылық жасаған үшін қаңдай жаза түрлері салынады?

Жауабы: Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;

5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

5 Сұрақ:  Еңбек шартының өзге шарттар түрлерінен ерекшелігі

Жауабы: ҚР ЕК 27 бабы. Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:

1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;

3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.

6 Сұрақ: Егерде Сіздің басшыңыз Сізге заңдылықта күмәнданатын  тапсырма берсе Сіз не істередіңіз? (ситуациалық сұрақ)

Жауабы:  ҚРЗ «Мемлекеттік қызметі туралы» 43 бабы.  Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкімді жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттік қызметші оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болады.