Қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық бойынша салалық
бағдарламаны іске асыру бойынша
Павлодар облысы еңбек басқармасының өткізетін жұмысы
туралы
Ақпарат
2015 жылы 14 сәуір № 234 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру мақсатында
Павлодар облысы еңбек басқармасымен көлеңкелі экономикаға қарсы әсері және 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлық қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға іс-шараларының Жоспарын бекіту туралы.
Еңбек басқармасы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық бұзущылықтарын ескерту мақсатында, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексі және жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін сақтау және түсіндіру жөнінде үйгетуші семинарлары өткізіледі. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша депатраментінің жемқорлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызмет басқармасының басшыларын және мамандарын шақырумен және Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарту және қайта даярлау орталығымен өткізілетін, ҚР мемлекеттік сатып алуды құқықтық қамтамасыз ету қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы біліктіліктерін жоғарту жөнінде семинарлар жүргізіледі.
Ағымдағы жылы қайта даярлау және біліктілікті жоғарту курстарының бағдарламасында көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа қарсы біліктіліктерін жоғарту жөніндегі семинарларда 16 мемлекеттік қызметші оқу өтті, соның ішінде, жоғарту курстарында 3 мемлекеттік қызметші, қайта даярлау курстарында – 2. Және басқарманың кадр қызметімен басқарманың мемлекеттік қызметшілердің мүлік және кіріс туралы декларация жөнінде мәліметтерді уақытылы ұсыну туралы бақылау жүргізіледі.
Басқармада арыздар мен шағымдар үшін қорабы бар және Қазақстан Республикасы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «мемлекеттік қызмет туралы» заңдары, басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін бұзу фактілері жөнінде «сенім телефоны» (32-06-35) жұмыс істейді.
Жұмыскерлердің кәсіптік денгейлерін жоғарылату және құқықтық хабарландыру, құқықтық саналарын табысты жетілдіру мақсатында, тұрақты негізде жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру сұхбаттары жүргізіледі (жемқорлық фактілерін алдын алу және ескерту), және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген сайын, ҚР еңбек заңнамасы саласындағы қатынастарды реттейтін, нормативті-құқытық актілерді түсіндіру жөнінде басқарманың жұмыскерлері арасында әрдайым түсіндірме-насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
Тұрақты негізде, Қазақстан Республикасы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «мемлекеттік қызмет туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» заңдарын қатысты құқықтық сауалдар жөнінде басқарманың қызметкерлеріне кеңестер беріледі.
«Павлодар облысы еңбек басқармасы» ММ Ережесіне сәйкес, басқарма басшысының өкілеттігіне жемқорлыққа қарсы әрекет және сол үшін жауапкершілікті алу сауалдары кіреді.
Басқармада тоқсан сайын басқарманың басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі орнатылады, сол кестеге сәйкес, басқарма басшылығымен азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Және, мемлекеттік еңбек инспекторлары «НҰР ОТАН» ХДП азаматтарды қоғамдық қабылдауында қатысады, және «Кәсіпкерлер палатасы» ҰҚ облыстың ірі кәсіпорындары жұмыс берушілерімен еңбек заңнамасын түсіндіру жөнінде дөнгелек үстелдер жүргізіледі.
Басқармада ішківедомстволық сайт жұмыс істейді, соның ішінде «жемқорлыққа қарсы әрекет» арнайы бөлімі бар, басқарманың қызметін іске асырғанда, жоғарыда көрсетілген шаралар Жоспарын жүзеге асыру ақпараты орнатылған.