Жүргізілген тексеру туралы

2018 жылдың шілдесінде «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Альянс-Компани» ЖШС-нің жұмыскерінен жалақы төлемеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен  «Альянс-Компани» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көзделген мерзімде жұмыскерлерге жалақы төленбегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.