Жүргізілген тексеру туралы

2018 жылдың шілде айында «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «облыстық арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету балалар психоневрологиялық орталығы» РММ (әрі қарай – ОАӘҚКБПО РММ) жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен  «ОАӘҚКБПО» РММ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс берушімен бір айдағы жалпы қосымша уақыт ұзақтығы, келесі жұмыс басындағы және жұмыс аяғындағы жұмыскерлердің ауысымаралық демалысы бұзылғаны анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді.