Жүргізілген тексеру туралы

2018 жылдың маусым айында «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Батинёва О.В.» ЖК-ің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен  «Батинёва О.В.» ЖК-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шарты жасалмағаны анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.