Жүргізілген тексеру бойынша

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Строительно-монтажная фирма «Мехкалонна №59» ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Строительно-монтажная фирма «Мехкалонна №59» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс беруші жұмыскерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.