Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнімен!

Құрметті жерлестер! Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы Сіздерді Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнімен құттықтайды. Бұл күн Халықаралық еңбек ұйымымен бекітілді және жыл сайын 17 жыл бойы 28 сәуірде атап өтіледі.

Біздің облыс-ауыл шаруашылығы дамыған және құрылыс саласы кеңейтіліп келе жатқан, еліміздің ірі тау-кен металлургиялық және өнеркәсіптік аймақ болып табылады.Облыстың барлық ірі кәсіпорындарында еңбекті қорғау мәселелері бірінші орынға шығуы бекер емес. Карантиндік режимдегі осындай қиын-қыстау кезеңде және осы күнге арналған мерекелік іс-шараларды өткізу мүмкін болмағанымен, еңбекті қорғау бойынша мамандарды, барлық жұмысшыларды айтулы күнмен құттықтаймыз және жұмысты орындау кезінде қауіпсіздікті ұмытпауға шақырамыз.

Өндірісте қаза тапқан адамдарды еске алуымыз керек. Жыл сайын әлемде 2 миллионнан астам адам өндірісте қайтыс болады, 12 миллион адам жазатайым оқиғалардың құрбанына айналады.

Біздің облыста жарақат алудың азаюына қарамастан, жағдай күрделі болып қалуда. Өткен жылы өндірісте 117 адам жарақат алды, олардың ішінде 10 адам қаза тапты. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мұндай қайғылы жағдайларды алдын алу үшін барлық мүмкін шараларды қолдануда, бірақ бұл барлық жұмыс істейтіндердің ортақ мақсаты. Біз барлығымыз жарақат алуды азайтып, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға тырысуымыз керек.

Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз! Еңбекті қорғау күні құтты болсын!