Құрметті азаматтар

Павлодар облысы еңбек басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 18 наурызынан бастап уақытша тоқтатынын хабарлайды.

Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының «e-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде және «Казпочта» АҚ арқылы қабылданады.

Сондай-ақ, 66-33-06, 66-33-07, 66-02-86, 66-02-85, 66-02-87 телефондары бойынша немесе 8 705 609 29 89 WhatsApp номері арқылы хабарласуға болады.

Арыз үлгісі Басқарманың https://enbek-pvl.kz/ru ресми сайтында «Құжаттар үлгісі» айдарында орналасқан.

Сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының 6 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 

     

Иесi бүркемеленген өтiнiш қарауға жатпайды

 

Қалыптасқан жағдайға түсінікпен қарауыңызды сұраймыз