Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ-нің жұмыскерінен іс-сапар шығындарын төлемеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс беруші іс-сапар шығындарын уақытылы төлемегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және лауазымды адамға әкімшілік жаза салынды.