Жүргізілген тексеріс туралы

«Павлодар облысы еңбек басқармасы» ММ мекенжайына «ЭТЭМ» ЖШС-нің жұмысшалырынан еңбек заңнамасының бұзылу мәселесі бойынша өтініштер түсті. 

Басқарма «ЭТЭМ» ЖШС-де жоспардан тыс тексеріс жүргізді, оның нәтижелері бойынша жұмыс беруші жұмыскерлерге еңбекақыны толық көлемде төлемегені, сондай-ақ еңбек шартын бұзған кезде жұмыскерлерге тиесілі барлық сомаларды, соның ішінде пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін өтемақы төленбегені анықталды.

Тексеріс кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  193-б. 4-т. сәйкес, жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарылды және әкімшілік жаза қолданылды.