Жүргізілген тексеру туралы

"Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мекенжайына «Литейное производство» ЖШС-нің қызметкерлерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі бойынша өтніш келіп түсті.

Басқармамен «Литейное производство» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді, оның нәтижесі бойынша жұмыс беруші қызметкерлерге еңбекақы мен жұмыстан босатылғаннан кейін тиесілі соманы төлемегендігін анықталды, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайдан сақтандыру шартын жасамады.

ҚР Еңбек кодексінің 193-б. 4-т. сәйкес, тексеріс кезіндегі анықталған бұзушылықтар бойынша, жұмыс берушіге еңбек заңнамасын бұзуды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жаза қолданылды.