Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «KUAT-СТРОЙ ПРОЕКТ ПЛЮС» ЖШС-нің жұмыскерінен жалақы төлемеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «KUAT-СТРОЙ ПРОЕКТ ПЛЮС» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көзделген мерзімде жұмыскерлерге жалақы төленбегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.