Жүргізілген тексеру туралы

"Павлодар облысының Еңбек басқармасы" ММ мекенжайына «Успех плюс С» ЖШС-нің қызметкерлерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі бойынша өтніш келіп түсті.

Басқармамен «Успех плюс С» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді, оның нәтижесі бойынша жұмыс беруші қызметкерлерге еңбекақы мен жұмыстан босатылғаннан кейін тиесілі соманы төлемегендігін анықтады, сондай-ақ қызметкерлермен еңбек шарттарын жасамады.

ҚР Еңбек кодексінің 193-б. 4-т. сәйкес, тексеріс кезіндегі анықталған бұзушылықтар бойынша, жұмыс берушіге еңбек заңнамасын бұзуды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жаза қолданылды.