Павлодарда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Павлодар қаласында 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Төрағасы Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен республиканың 2 облысы (Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары)  өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету » тақырыбында семинар өтті.  Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы  еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы ағымдағы мәселелер және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қарастырылды. 

Семинарға:  Бас мемлекеттік еңбек инспекторлары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,нің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК-ның, «Еуразиялық Топ» ЖШС,"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, бұдан басқа Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ірі кәсіпорындары өкілдері қатысты.

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы «Қауіпсіз жұмыс» ақпараттық науқаны аясында біз әлеуметтік серіктестермен («Атамекен» ҰКП, Кәсіподақтар федерациясы) және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 кластерлік семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби қауіптерді азайта алады», – деді ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов. 

Семинарда сөз сөйлеген Т. Оспанкулов зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайтудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында Қазақстанның 497 мың қызметкері жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысынан 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударатынын атап өтті. 

Іс-шараны қорытындылай келе, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов іс-шараның қатысушыларына қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша тиісті нақты ұсынымдар берді. 

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға айтарлықтай қаржы бөлетін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндірістік базасына барды.