Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Global Gaz Energy» ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Global Gaz Energy» ЖШС -ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс берушімен жұмыскерге тұрып қалу сомасы төлемегендігі, жеке қорғаныш құралдарымен жабдықтамағандығы және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырмағандығы анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жазалар салынды.