Жүргізілген тексеру туралы

"Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мекен-жайына «ПРОГАСТ-Казахстан» ЖШС-нің жұмысшысынан еңбек заңнамасын бұзу мәселесі бойынша өтніш келіп түсті.

Басқарма «ПРОГАСТ-Казахстан» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша жұмыс берушінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқама (кіріспе, жұмыс орнындағы бастапқы) өткізбегендігі анықталды. 

Тексеріс кезіндегі анықталған бұзушылықтар бойынша, ҚР еңбек Кодексінің 193-б. 4-т. сәйкес, жұмыс берушіге еңбек заңнамасын бұзуды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жаза қолданылды