«Тәртіптік жазалар»

Павлодар облысының еңбек басқармасы «Алюминий Қазақстана» АҚ-ның аумағында Павлодар облысының 20-дан астам ірі кәсіпорындарының кадрлық қызметі мамандарының қатысуымен және "Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМҚК-ның нарколог-дәрігер маманын тартып «Тәртіптік жазалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел «Алюминий Қазақстан» АҚ өкілінің сөз сөйлеуімен және глинозем мен алғашқы алюминий өндірісінің технологиялық процесі туралы деректі фильммен ашылды.

Заңгерлік бөлімі «Алюминий Қазақстан» АҚ кәсіпорнындағы тәртіптік жазаның ерекшеліктерін, сонымен қатар осы мәселелер бойынша жеке еңбек дауларын қарауды, атап айтқанда, іс әрекеттің ауырлығына байланысты т. ж. қолдану үшін жұмыс берушінің біріздірілген актісін қабылдау,, сондай-ақ т.ж. салу кезінде қосарланған стандарттардан аулақ болуға байланысты мәселелер айтылды.

Кездесудің орталық бөлігі - маман-наркологтың сөз сөйлеуі болды.

Маман сараптама жүргізу, шектеу, алкогольдік/психотроптық мастану және қалдық қалу; мастану уақыты, сараптама жүргізу тәртібі және т.б. туралы түсініктеме берді.

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысы А. Қ. Қапанов  дөңгелек үстелдегі кездесуді қорытындылай келе, ҚР еңбек заңнамасының нормаларын қолдану тәртібін сақтамау, атап айтқанда, ҚР Еңбек кодексінің 52,53,65,66 баптарына сәйкес жұмыс берушілер үшін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.