Еңбек жарақатын алдын-алу

Павлодар облысының еңбек басқармасы  «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның базасында Еңбек күніне арналған облыстың ірі және орта ұйымдарының бас техникалық  басшылары және Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің бастықтарымен тоқсан сайынғы жиналыс ұйымдастырды.

Павлодар облысы Еңбек басқармасы басшысы Асқар Қапанұлы Қапанов- жиналғандардың барлығын келе жатқан Еңбек күнімен құттықтай отырып, кіріспе сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы «Еңбек жарақатын алдын-алу» болды. Өндірістік жарақаттарды ескеру және алдын-алу бойынша сұрақтар қойылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жаңалықтарды «Еуразиялық топ» ЖШС-нің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директоры – Дмитрий Сергеевич Цецелюк ұсынды.

Сөз сөйлеу аяқталғаннан соң пікір алмасу өтті.