Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Сигма» СК ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Сигма» СК ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді,  жұмыс беруші қызметкерге еңбек шартын тоқтату кезінде тиесілі сомасын төлмеген. 

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.