Ақпарат

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Бонус Строй» ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Бонус Строй» ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесі бойынша жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермегендігі, одан басқа жұмыс берушімен жұмыскерлердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының кестесі жүргізілмейтіндігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.