Ақпарат

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Горячая О.П.» ЖК-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Горячая О.П.» ЖК-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді,  оның нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметкерге толық көлемде және заңмен белгіленген мерзімде еңбек шартын тоқтату кезінде тиесілі сомасын төлмегені анықталды. 

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.