Жүргізілген тексеру туралы

Павлодар қалалық сотымен «Beerland» ЖШС-на қатысты азаматтық іс қарастыру барысында сот отырысы кезінде еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталы. Дәлірек айтқанда жұмысберуші еңбек шартын бұзудың негізі ретінде   ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын заңсыз қолданғандығы,  толық мөлшерде жалақы төленбегендігі және жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алмағандығы анықталды. Осыған орай сотпен жеке ұйғарым шығарылып «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына сәкесінше шара қолдану және бұдан әрі ұқсас бұзушылықтарды болдырмау үшін жолданды. 

Соттың жеке ұйғарымы негізінде жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.