Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау жалғасуда

Еңбек күнін мерекелеу аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. 

«Еңбек жолы» конкурсының мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атты 3 номинацияны қамтиды.

Назар аударатын жайт, «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын іріктеу республикалық деңгейде жергілікті деңгейде сияқты екі кезеңнен тұратын болады:

1-кезең:  дауыстардың барынша көп санын жинаған лидерлердің үштігін анықтайтын онлайн дауыс беру (барлығы 9 үміткер);

2-кезең: лидерлердің үштігінен онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау облыстық және республикалық деңгейде өтеді.

Ағымдағы жылы конкурсты өткізудегі жаңашылдықтар қатарында-әр номинацияда жүлделі орындарды ұлғайту. Егер өткен жылдары тек номинациясы үшін марапатталса, ағымдағы жылдан бастап жеңімпаздарға 1,2,3 орын беріледі. Сондай-ақ материалдық ынталандыру ретінде республикалық кезеңнің жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар берілетін болады.:

- 1 орын - 1 000 000 (миллион) теңге;

- 2 орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Байқау ережелерімен «Еңбек күні» бөлімінде таныса аласыздар.