Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «KSP Steel» ЖШС ПФ-нің қызметкерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі бойынша өтініш түсті.

Басқармамен «KSP Steel» ЖШС ПФ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша  жұмыс беруші қызметкерге заңмен белгіленген мерзімде тиесілі соманы төлемегені анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылық бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабының 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза түрінде айыппұл салынды.