Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Bilim» ҒӨО ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен ««Bilim» ҒӨО ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жұмыс беруші жұмыскерге еңбекақысын төлеген жоқ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті нұсқау өткізген жоқ және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырған жоқ екендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге ұйғарым берілді және әкімшілік жазалар салынды.