Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Вектор Павлодар» ЖШС-нің қызметкерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі бойынша өтініш түсті.

Басқармамен «Вектор Павлодар» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша  жұмыс беруші қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде және еңбек шартын жасамағаны, толық көлемде және заңмен белгіленген мерзімде тиесілі соманы төлемегені анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза түрінде айыппұл салынды.