«KIOSH-2019» көрмесі «Еңбекті қорғау және жұмыс әлемінің болашағы»

2019 жылғы 23 мамырда Нұр-сұлтан қаласында «Көрме» БО-да «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» атты 9-шы Қазақстандық Халықаралық Конференция өтті.

«KIOSH-2019» конференциясы - бұл өз компаниясын халықаралық аренада ұсынуға және қоғамдық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабдықтар мен технологиялардың жаңалықтарын көрсетуге бірегей мүмкіндік.

Көрме - бизнес құрылымдар үшін бәсекелестердің және олардың өнімдері мен қызметтерінің іскерлік белсенділігін оқып, зерделеуге, нарықтың сұранысы мен ұсынысын бағалауға, тиімді мәмілелер мен келісім-шарттар жасауға бірегей мүмкіндік.

Аталған іс-шара өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелерді мемлекеттік деңгейде талқылау үшін орталықтандырылған алаң болып табылады.

Конференцияға өндірістік жабдықтар мен технологияларды өндірушілер, жеткізушілер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар қатысты.

Мемлекеттік сектордың іс-шараға қатыстылығының белсенді ұстанымының мысалы - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары-Жазылбек Ұлан Еркінұлы спикер ретінде қатысты. Бірінші орынбасары өз сөзінде өңірдегі жарақаттанудың төмендеуіне назар аударды. Егер 2017 жылы 182 адам зардап шегсе, 2018 жылы 118 адам зардап шекті.

Осылайша, облыстағы өндірістік жарақаттану деңгейі 35% - ға төмендеді.

Павлодар облысында бүгінгі күні қарым-қатынастың құқықтық өзара іс-қимылының болмауы және мемлекеттік және жеке секторлар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі проблемасы бар. Осыған байланысты Басқармамен келесі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының ресми сайтында «жазатайым оқиғаларды талдау» арнайы айдары орналастырылған, онда орын алған өндірістік жарақаттар туралы өзекті ақпарат жарияланады.

Апта сайын еңбек Басқармасы сайтының «жазатайым оқиғаларды талдау» бөліміне интернет желісін пайдаланушылардың көп саны қарайды, сонымен қатар жазатайым оқиғаларды талдаудан басқа, олар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы жүктей алады.

Сайтта орналастырылған ақпараттың көмегімен біз еңбекті қорғау жөніндегі құжаттамалардың тек ірі кәсіпорындарда ғана емес, сонымен қатар шағын бизнестің көптеген кәсіпорындарында заңнама нормаларына сәйкес келтірілгеніне қол жеткіздік.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы әзірленді және енгізілді, мұнда мақсаттардың бірі республика кәсіпорындарын «Vizion Zero» халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына (нөлдік жарақат алу) қосу жөніндегі ақпараттық кампанияны өткізу көзделген.

Осы бағдарламаны ескере отырып, бірқатар кәсіпорындар ішкі құжаттарды әзірледі, олардың мақсаты өндірістік жарақаттануды төмендету болып табылады. «Каустик» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ және басқалары сияқты ірі кәсіпорындар.

2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары ірі кәсіпорындарда - 96 және өзге кәсіпорындарда -159 ҚР Еңбек кодексінің нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін, ұжымдық шарттар жасасу тәртібін түсіндіру бойынша оқыту семинар-мәжілістерін өткізді. Радиода, теледидарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында 100-ге жуық сөз сөйлеулер мен жарияланымдар ұйымдастырылған.

Бұл жұмыс ұйым қызметкерлерінің өзіне қауіпсіз еңбек міндеттілігін түсіндіру бағытында жүргізіледі.

Бұдан басқа кәсіпорындарда Еңбекті қорғау қызметтерімен жеке жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, көрме аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған «Сенім» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Павлодар облысынан 6 кәсіпорын қатысты: «KSP Steel» ЖШС, «МегаСтрой Плюс» ЖШС, «Каустик» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, «Трамвай басқармасы» АҚ.

«Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясында 2-ші орын –«МегаСтрой Плюс» ЖШС, оның директоры – Плясунов Евгений Петрович.

Сондай-ақ ҚР еңбек заңнамасын сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды:

- Исенов Құсайын Марданұлы-Павлодар облысының бұрынғы бас мемлекеттік еңбек инспекторы

- Қабжамитов Марат Тілеубергенұлы-Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының орынбасары