Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Павлодар МАГ 6» ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек заңнамасын бұзу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Павлодар МАГ 6» ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көзделген мерзімде жұмыскерге жалақы төленбегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.