Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Ветераны» ҚБ-нің жұмыскерінен жалақы төлемеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Ветераны» ҚБ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көрсетілген мерзімде жұмыскерлерге жалақы төленбегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабының 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге 1 жылдың ішінде еңбек заңнамасының қайталанған бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.