Өндірістік жарақаттануды алдын алу

Павлодар облысының еңбек басқармасы «Қазхром»ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының алаңында біздің облыстың ірі кәсіпорындарының еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшылары мен инженерлерінің қатысуымен «өндірістік жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу зауыт бойынша кіріспе нұсқаулық пен экскурсия жүргізуден басталды. Ал отырыста «Қазхром» ТҰК « АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары «мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл» тақырыбында сөз сөйледі және «оқиғаларды мониторингілеу және есепке алу жүйесін» таныстырды. Кейін өндірістік жарақаттанудың алдын алу және ескерту мәселелері талқыланды. Кездесуді қорытындылай келе, еңбек басқармасының басшысы А. Капанов еңбекті қорғау саласындағы бірнеше кәсіпорындар мен мамандарды алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.