Кадровиктер клубы

Мемлекеттік еңбек инспекциясымен облыста алғаш рет "Кадровиктер клубы"құрылды. Осыған байланысты "КАУСТИК" АҚ зауыты аумағында Павлодар облысының жиырма ірі кәсіпорындарының кадр бөлімінің мамандарымен алғашқы кездесу өткізіліп, "электрондық еңбек шарттарын" (EHR) жүргізу мәселелері талқыланды . Сонымен қатар, WhatsApp-та кадрлар тобын құру туралы шешім қабылданды.