Жүргізілген тексеру туралы

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Ветераны» ҚБ-нің жұмыскерінен жалақы төлемеу мәселесі жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Ветераны» ҚБ-ке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша заңмен көзделген мерзімде жұмыскерлерге жалақы төленбегендігі анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.