"Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған бастамаларды қолдады

2018 жылғы 5 қазанда "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"атты тікелей эфирде Қазақстан халқына Жолдауын ұйымшылдықпен көрді.

Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді, осыған байланысты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі өмірлік-маңызды салалары қозғалды.

Жолдаудың негізгі бағыты адам – елдің басты байлығын дамыту болуы тиіс. " Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып,  оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана   Біз Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құра аламыз" - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты халықтың кірісінің өсуіне, өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы өмір сүру ортасын, азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған мемлекеттік аппаратты құруға, тиімді сыртқы саясат пен әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру процестеріне қатысуына бағытталған негізгі міндеттер мен басымдықтар белгіленді.

Сонымен, маңызды тапсырмалардың бірі қазақстандықтардың ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан  42 мыңға  дейін өсіруді болды.  бұл 1,3 млн.адамның еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп,  орта есеппен 35% - ға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Енді ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері  бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.  

"Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз» - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жолдауды қарау нәтижелері бойынша "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ ұжымы Жолдауда айтылған бастамаларға бірауыздан қолдау білдірді.

Нормативті-құқықтық базасы
Азаматтық бюджет
ҚР Еңбек кодексі
Орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы бұйрық
Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн бекіту туралы бұйрық
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы
Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидаларын бекiту туралы
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламалары
«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Жазатайым оқиғаның сызбасы
12.015-16 Ілмекті арматураны ұстау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
Жазатайым оқиғаны тіркеу журналы
Сұрау хаттамасы
Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беруді тіркеу журналы