«Сенім-2018» конкурсының қорытындысы

«Сенім-2018» конкурсының қорытындысы

2018 жылғы 26-27  сәуірде Астана қаласында өндірістік жарақаттану және кәсіпорын жұмыскерлерінің кәсіби аурулар профилактикасының тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілерді жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға ынталандыру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, «Қазақстан – Халықаралық қаржы-экономикалық дамыту орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен «ҚР Еңбекмині Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен бірлесіп жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде республикалық «СЕНІМ-2018» сегізінші конкурсын өткізді.  Конкурс қорытындысы бойынша «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» номинациясында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Николай Владимирович Воробьев жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ жұмысшылардың өмірін, денсаулығын сақтау, өндірістік жарақаттарды азайту саласындағы жетістіктері үшін «NFC Kazakhstan» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А. Ә. Сарбасовтың қолынан алғыс хатқа ие болды.