Жүргіізілген тексеру туралы

Жүргіізілген тексеру туралы

2018 жылдың сәуірде «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «Павлодарский монтажный колледж» МККК-ның 1 жұмыскері жалақы төлемеу және пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақылар мәселелері жөнінде өтініш түсті.

Басқармамен «Павлодарский монтажный колледж» МККК қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде кәсіпорын жұмыскерлеріне барлық тиесілі сомма төленбегені анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.